12.10.2024
Жыл сайын «Ж. Кизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК «Қыздар күніне» арналған іс-шаралар өткізіледі. Биыл колледж студенттері жатахана тәрбиешісі мен педагог-психологпен бірлесе отырып, аптаны өте қызықты өткізді: таңертең олар өздеріне шаш үлгісін таңдаудан бастады. Өздеріне көңіл бөлген әрбір қыз өз бейнесіне өте риза болды. Үзіліс кезінде қыздар түрлі - түсті қаламдармен немесе бояулармен есте қаларлық суреттер мен цитаталарды қолдарына салып, көңіл-күйлерін көтерді. Сондай-ақ, сабақтардан бұрын психологтың кабинетінде алдын ала басып шығарылған суреттерді бояп та үлгерді. Аптаның соңында «Тағамды ұйымдастыру» тобының студенттері өздерінің аспаздық шеберліктерімен барлығын қуантуды шешті. Қыздар-барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерін ерекше сезінді. Іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері толыққанды орындалды.


